Қайырымдылық бағытына жауапты қызметкерлердің жиналысы өтті (ФОТО)

12 ақпан 2020 4057 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты 12 мешіт бойынша қайырымдылық бағытына жауапты діни қызметкерлердің жалпы жиналысы болып өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазиновтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында аталмыш бағыт бойынша атқарылған іс-шараларға жалпы шолу жасалып, жылдық жоспар талқыланды.

Аталмыш бағыт бойынша атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын атап өткен Марат Бектазинов өкілдік тарапынан Жұманазар Садырхановтың осы бөлімге жауапты маман болып бекітілгенін жеткізді.

Жиналыс аясында жылдық жоспар негізінде атқарылатын жұмыстарға байланысты нақты тапсырмалар берілді. ҚМДБ 30 жылдығына орай жоспарланып отырған 30 игі шара жобасы да жиналыстың өзекті тақырыптарының бірі болды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру