Қайырымдылық жәрмеңкесі қайта жалғасты (ФОТО)

17 қаңтар 2020 1107 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жанынан құрылған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан қайырымдылық жәрмеңкесі қасиетті жұма күні қайта жалғасты. Биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі әдеттегідей мешіт жамағатын қолдан пісірілген түрлі тағамдармен, тіл үйірген тәттілермен қарсы алды.

Жәрмеңке аясында арзан бағада халал өнімдер мен дәрілік қоспалар, діни әшекей заттар мен қолөнер туындылары, діни-рухани кітаптар да сатылып, жәрмеңке саудасын қыздыра түсті. Айта кетейік, Бас мешіттің әйел жамағаты мен шәкірттерінен құралған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» жұма күндері өтіп келеді. Игі шараға атсалысамын деген ниетті жандар бейсенбі күні өз өнімдерін «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарына әкеліп өткізуге болады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру