Қазақ Ұлттық университетінде Ислам қаржы орталығы ашылды (ФОТО)

17 мамыр 2019 5104 0
Оқу режимі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Астана халықаралық қаржы орталығы» және Катар Хамад бин Халифа университетімен ынтымақтастық негізінде бірегей Исламдық қаржы орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М. Мұтанов, Хамад бен Халифа университетінің президенті доктор Ахмад Хасна, «Астана Халықаралық Қаржы Орталығы» төрағасының орынбасары Е.Рысмағамбетов және ҚМДБ  төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, ТМД аумағында тұңғыш ашылып отырған орталық қызметіне сәттілік тіледі. Арнайы лента қию рәсімінен соң орталықтың ең жаңа техника және бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған аудиториялары қонақтардың назарына ұсынылды.

Орталықтың ашылуы аясында исламдық қаржыландыруды дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, қаржы нарығының қазіргі жағдайы, оның ішінде исламдық қаржыландыру нарығы, исламдық қаржылық индустриясының Қазақстан Республикасында дамуының мәселелері мен келешегі талқыланды.

null

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру