Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

17 маусым 2019 4645 0
Оқу режимі

Қазақстан елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды. Әл-Салам сарайында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Королі, Қасиетті Қос Киенің Сақшысы Салман бен Әбдел Азиз Әл Саудқа Сенім грамоталарын табыстады.  

Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында Сауд Арабиясы Королі жаңа сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ыстық сәлемі мен ықыласын жолдап, Қазақстан халқына толассыз өркендеу мен даму тілектерін білдірді.  

Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

Король Сауд Арабиясының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақты дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін қуаттай отырып, Елшіге дипломатиялық қызметінде жемісті болуына тілектестік білдірді. Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді.  

Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

 

Дереккөз: Қазақпарат

Пікірлер Кіру