ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАЛАРЫ ХАЛАЛ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

17 маусым 2026 83 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесі мамандары мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының халал бағытына жауапты өкілдерінің кездесуі өтті.

Жиын барысында екі елдегі халал стандарттарын жетілдіру, сертификаттау жүйесін дамыту, өндіріс орындарында жүргізілетін бақылау-тексеру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ халал өнімдердің сапасы мен сенімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Қос тарап халал индустриясындағы заманауи үрдістер мен халықаралық тәжірибе бойынша пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өзара ақпарат алмасу және серіктестікті нығайту жөнінде келісімге келді.

Кездесу соңында қатысушылар халал саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруге дайын екендіктерін тілге тиек етті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру