ҚМДБ қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға конкурс жариялайды

03 ақпан 2020 5058 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс делегациясы ағымдағы жылы қажылық маусымының ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары бойынша Сауд Арабия Королдігі Қажылық және умра министрлігі басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, 2020 жылы Қазақстан Республикасы үшін 3 000 қажыға квота алды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы фирмалар арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу және жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында КОНКУРС жариялайды.

ҚМДБ қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға конкурс жариялайды

Төмендегі ТАЛАПТАРҒА сәйкес фирмалар басымдылыққа ие болып табылады:

  1. Халықаралық талаптарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) сертификатының болуы;
  2. Діни туризмді ұйымдастыруда тәжірибесінің болуын айғақтайтын құжаттардың болуы;
  3. Туроператорлық қызыметті жүзеге асыруға берілген мемлекеттік лицензиясының болуы;
  4. Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің болуы және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  5. ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты, әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайты жайлы ақпарат).

Аталған құжаттар 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2020 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік фирмалардың ұсыныстары қаралмайды.   

Дереккөз: ҚМДБ қажылық бөлімі

Пікірлер Кіру