Қазақстан православ шіркеуінің басшысы құттықтау жолдады (ФОТО)

10 ақпан 2020 4734 0
Оқу режимі

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Бүгінде мұсылмандар мен христиандар адамгершілік қағидаларын беріп ұстанып, балалары мен немерелерін патриотизмге тәрбиелеп, түрлі ұлттар мен мәдениеттерді бірлікке, бауырмалдылыққа шақыруда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз» деген болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Митрополит округы арасындағы ымыралы ынтымақтастық одан әрі дамып, күшейе береді деген сенімдемін» делінген құттықтау хатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру