Қазақстандық қажылар Мина жазығына толық жайғасты (ФОТО)

09 тамыз 2019 4123 0
Оқу режимі

Мекке қаласына парызын өтеуге келген 3200 қажы қасиетті шаһардың іргесіндегі Мина жазығына толықтай орналасты.

Қазақстан Қажылық миссия құрамындағы Уағыз-насихат тобы отандастарымызға қажылық əдептері мен дұға жасаудың маңыздылығы жайлы уағыз айтты. Сонымен қатар Арафа күнінің мəні мен маңызын ұғындырып, дұға тілеу тәртібін түсіндірді.

Қажылық миссиясының өкілдері шатырларды аралап, қажылардың жағдайымен танысуды бастап кетті. Наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Алау Шайқымұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Уағыз-насихат тобының жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Жанділла Бекжігітов бастаған топ Арафа күнінің артықшылығы жайлы уағыз айтып, елдің игілігі мен бірлігі үшін дұға жасады.

Ұзақ жерден келген жерлестердің денсаулығын дәрігерлеріміз жіті бақылауда. Әр фирмаға бөлінген дәрігерден бөлек, миссия құрамындағы білікті мамандар ел азаматтарына алғашқы медициналық көмек көрсетңп жатыр.

Еске салайық, алдағы бірнеше күн бойы қажыларымыз Мина жазығында болады.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру