ҚАЖЫЛЫҚ-2024: ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

05 желтоқсан 2023 2816 0
Оқу режимі

«Қажылық-2024» маусымын ұйымдастыру, қажылықтың жаңа талаптарын жан-жақты насихаттауға байланысты қазақстандық туркомпаниялармен  жиын өтті.

Аталмыш жиынға ҚМДБ Қажылық бөліміне жауапты қызметкерлері мен қажылық маусымын ұйымдастыруға рұқсат алған 17 туроператор басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиында наиб мүфти Ершат Оңғар: «Қажылық жұмыстарын ұйымдастыру – сауапты әрі жауапты іс. Үлкен қажылық сапарын ұйымдастыруда Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің белгілеген талаптары мен шарттары толық сақталып, көрсетілген мерзімдерге сәйкес жұмыс атқарылуы қажет» деді.

Алдағы қажылық маусым өткен маусымдарға қарағанда өзгеше болатындығы жиі айтылып жүр. Биылғы жылдың басты ерекшелігі 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана қажылыққа бара алады. Себебі Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігінің талабы бойынша «Қажылық-2024» маусымына белгіленген уақытқа дейін қажылары тіркеліп біткен елдерге қажылық орындары берілмек. Яғни, 20 желтоқсанға дейін қажылықтың электронды жүйесіне тіркеліп, сол жүйеден алынатын қызмет түрлеріне (қонақ үй, Мина мен Арафат қызметтері) қаражатын төлеген кісі санының көлеміне сай, Қазақстан азаматтары үшін қажылық орындарының саны анықталатындығы белгілі. 

2024 жылы 17 туроператор қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қызмет көрсету құқығына ие болғаны жарияланды. Демек, конкурстан өткен 17 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.

Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Нұр-Қазақстан» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова и К» ТС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС. 

Аталмыш туроператорларға 20 желтоқсанға дейін азаматтардың қажылық орындарын брондап және осы туроператордың біріне тіркелуін жан-жақты насихаттау қажеттігі тапсырылды.

​Дереккөз: ҚМДБ Қажылық бөлімі

Пікірлер Кіру