Қажылық миссиясы қасиетті орындарды зиярат етті

31 тамыз 2018 8922 0
Оқу режимі

Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан Əбдірашұлы бастаған дін қызметкерлері Мəдина қаласында орналасқан əйгілі Құба мешітінде болды.

Құба – Ислам дініндегі ерекше мешіт. Ол Нұрлы Мəдинада тұрғызылған алғашқы Алла үйі. Құба мешітінің құрылысына пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қолы тиген.

Алла Елшісі: Құба мешітіндегі намаз – ұмраға (кіші қажылыққа) тең, – деген.

Миссия мүшелері Құба мешітінен кейін Мəдинадан 180 шақырым қашықтықта жатқан Хайбар шайқасы болған орынды зиярат етті. ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы шайқаста шейіт болған сахабалардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Хайбар шайқасы  хижраның жетінші ғасырында Мұхаррам айында болған.

Хайбар шайқасына қатысқан сахабалардың саны 1400, оның ішінде 200 адам атты әскерде болған. Сонымен қатар, бұл шайқасқа мұсылман ер кісілермен бірге бір топ сахаба әйелдер де қатысқан. Олар науқастарды емдеп, ас әзірлеген.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру