ҚМДБ: 2022 жыл «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп аталды (ФОТО)

13 қаңтар 2022 2558 0
Оқу режимі

Бұл туралы елордада өткен жиналыста Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«2022 жыл басталғалы бері елімізде біршама тәртіпсіздік жағдайлар орын алып, ел тұрғындарының ынтымағы мен бірлігіне сызат түсіретін бейберекетсіз әрекеттер жасалды. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымызды бірлікке, тыныштыққа шақыруға үндейтін насихат жұмыстарын күшейте түсуі қажет. Сондықтан, 2022 жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп атап, сол бағытта жыл бойы тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырамын», – деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік6 жиынға Діни басқарманың бөлім басшылары мен Орталық аппарат қызметкерлері, сондай-ақ өңірлердің бас имамдары онлайн режимде қатысты.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру