ҚМДБ: 30 жылдық мерейтойға – 30 игі шара (ФОТО)

12 желтоқсан 2019 5419 0
Оқу режимі

Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2020 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.

Айта кетсек, 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, ҚМДБ Орталық аппараты қызметкерлерінің ұсынысымен, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бекітуімен 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асатын 30 игі іс-шараның жоспары бекітілді.

Атап айтқанда, ғылыми-танымдық кітап шығарып, әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175, Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында халықаралық конференциялар өткізу, 30 жылдық мерейтой кезінде 30 жетім балаға, 30 отбасына қайырымдылық көмек көрсету, 30 елдімекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, тарихи көрмелер ұйымдастыру, ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру, әл-Фараби, Абай сынды тұлғалардың, ел ішінде есімі еленбей жүрген дін қайраткерлерінің есімін мешітке беру, ауылдағы 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу, т.б. сауапты да салауатты шаралар күн тәртібіне енгізілді.

ҚМДБ: 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА – 30  ИГІ ШАРА (ФОТО)

 

Пікірлер Кіру