ҚМДБ әйел-қыздар секторы оқушыларды қуантты (ФОТО+ВИДЕО)

31 тамыз 2020 3981 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аясында басталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жалғасын тапты.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы мұқтаж отбасыдан шыққан оқушыларға арнайы cмартфондар табыстады. Санитарлық талаптар негізінде өткізілген қайырымдылық акциясына саны шектеулі отбасылар ғана қатысып, қалғаны әйел ұстаздар тарапынан мұқтаж отбасыларға жеткізіп берілді.

Айта кетсек, бүгіннен бастап еліміздегі мешіттер жамағатқа өз есігін айқара ашты. Құлшылық орындары бекітілген санитарлық нормалар негізінде жұмыс істейтін болады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Пікірлер Кіру