ҚМДБ: Дін қызметкерлеріне онлайн семинар өтті (ФОТО)

09 маусым 2020 3448 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Жергілікті ақпараттық-насихат тобына арналған онлайн семинар өтті.

Онлайн семинарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қатысты.

Семинарда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы насихат айту әдіс-тәсілдері туралы ойларын бөлісті. Ал Батыржан Мансұров ЖАНТ мүшелеріне арналған құжатпен таныстырды. ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы дін қызметкерінің келбеті туралы баяндама жасады. Ал Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы «Діни уағыздың құрылымы, жасалуы, жеткізу тәсілі» тақырыбында баяндама жасап, ойларын ортаға салды.

Семинарды наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы жүргізіп отырды.

 

Пікірлер Кіру