ҚМДБ-НЫҢ «КӨРШІҢЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛА!» БАСТАМАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ (ФОТО)

10 наурыз 2026 27 0
Оқу режимі

Рамазан айында көршіге көңіл бөлу дәстүрін жаңғырту мақсатында «Көршіңе қуаныш сыйла!» бастамасын насихаттау бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов отбасыларды аралап, ақсақалдар мен қарт аналардың қал-жағдайын сұрап қайтты. Одан бөлек балаларды қуанту мақсатында арнайы сыйлықтарын ұсынып, бүлдіршіндерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көрші ақысын беру жайлы Алла елшісі Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі үлкен өнеге көрсеткен. Пайғамбарымыз көшеден өтіп бара жатқанда үстіне терезеден күнде қоқыс төгіп, жәбір көрсететін яһуди көршісі болған. Бір күндері әлгі кісі қоқыс төкпей қояды. Сол кезде ардақты Пайғамбарымыз ауырып қалған жоқ па екен деп, оның хал-жағдайын сұрап барады. Сондай керемет жақсы қарым-қатынасты көрген көршісі кәлима айтып, иман келтірген екен. Сондықтан, мұсылман баласы қоңсысы өзге дін өкілі болса, тіпті дінсіз жан болса да тату болуы тиіс.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру