ҚМДБ Орталық аппарат жиналысында 33 мәселе қаралды (ФОТО)

30 мамыр 2019 4680 0
Оқу режимі

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппарат жиналысында 33 мәселе қаралып, күн тәртібіндегі жұмыстар жан-жақты пысықталып, талқыланды.

Атап айтқанда, жиналыстың күн тәртібінде имамдардың біліктілігін арттыру және университет, медреселер студенттері арасында уағыз бойынша сайыстар ұйымдастыру, имамдарға уағыз айту бойынша әдістемелік-құрал дайындау, ҚМДБ тарапынан жарыққа шыққан кітаптар мен әдебиеттердің аудио нұсқасын әзірлеп, республикалық және облыстық кітапханалардың каталогына енгізу, ҚМДБ-ның атқарып жатқан жұмыстарын халыққа кеңірек насихаттау мақсатында республикалық теле-радиолар мен басылымдарға бірлескен жобалар әзірлеу, отандық телеарналардан, радиолардан «Дін және мемлекет», «Мүфтият мінбері» атты бағдарламалар ашып, аталған хабарды жүргізу жұмысы ҚМДБ құқығына толықтай беру, қажылыларға арналған кітаптар шығару, университет пен медресе шәкірттерін қызметке орналастыру, т.б. мәселелер қаралды.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жиналыстың қорытынды бөлімінде ҚМДБ қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Кезекті жиналысқа ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мештінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төраға орынбасары Бауыржан қажы Әбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бөлім меңгерушілері мен мамандар қатысты.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру