ҚМДБ Қайырымдылық және Уақып қорының меңгерушісі тағайындалды (ФОТО)

03 мамыр 2019 6217 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығы бойынша Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы ҚМДБ қайырымдылық және Уақып істері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

ҚМДБ халықаралық бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров қасиетті жұма намазына жиылған «Таугүл-3» мешітінің жамағатына жаңа имамы Ернар Мәженді мешіт ұжымы мен жамағатқа таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Бұған дейін мешітте имамдық етіп, «Таугүл-3» мешітінің игі іс шараларынан бастап, қазіргі таңдағы жамағатымен көрікті руханият орталығына айналуына үлес қосқан Камалжан Тұрдыбаевқа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы  

1977 жылы 25 мамыр Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

1994-1996 жылы Ислам институт оқып, 2007-2012 жылы Семей мемлекеттік педогогикалық институтын тәмамдаған.

2012-2014 жылы Семей Инновациялық университетінің Педогогика және психология магистрін және 2014-2016 жылы Шет тілдер және Іскерлік карьера университеті Дінтану магистрін бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1996-1997 жылы ШҚО «Бородулиха ауданына қарасты Станция Ауылында имамдық қызметін бастаған.

1997-2004 жылы Семей қалалық «Тыныбай» мешітінің наиб имамы.

2004-2011 жылы «Тыныбай» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған болса, 2011-2013 Қос-Мұнаралы орталық мешіттің наиб имамы қызметтерін атқарды.

200132018 жылы ҚМДБ Дін істері бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2018-2019 жылы «Таугүл-3» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

 

Пікірлер Кіру