ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ 11 156 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (29.05.2026)

29 мамыр 2026 67 0
Оқу режимі

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.

29 мамыр – Құрбан айттың үшінші күні еліміз бойынша жалпы саны 677   мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 253   өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой - 442 , ешкі – 154 , ірі қара – 79 , түйе – 2 .

Құрбандық еті республика көлемінде 11 156 мұқтаж отбасы мен 840 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!













































 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру