ҚМДБ: Құрылтай үндеу жолдады (ФОТО)

07 ақпан 2020 5274 0
Оқу режимі

Бүгін Елордада өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ Құрылтайы соңында жиынның Үндеуі оқылды. Үндеуді ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан қажы Мансұров оқып берді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша қауымды ынтымақ-бірлікке, өзара сыйластыққа, еліміздің дінаралық және ұлтаралық достық пен түсіністікке негізделген бастамаларына үлес қосып келеді. Бүгінде Діни басқарманың жұмыс бағыты бабалар салған дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабы мен Имам Матуриди сенім мектебіне құрылуы – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің кепілі.  

Осы ретте барша дін қызметкерлерін «Жеті рухани қазық» тұғырнамасындағы қоғамға қажетті имандылық, ибалылық, отаншылдық сынды қасиеттерді насихаттауға, жастарды жат ағымнан қайтарып, сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрлі ислам жолына үгіттеуге шықарымыз.

Бүгінгі құрылтай еліміздегі мұсылмандардың қарашаңырағы атанған Діни басқарманың отыз жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Ендеше, баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, халқымызға береке-бірлік тілейміз» делінген Үндеу мәтінінде.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру