ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚИЫНДЫҚТА ЕЛМЕН БІРГЕ

09 сәуір 2024 1346 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинайтын арнайы жедел штабтарына 100 тоннадан астам гуманитарлық жәрдем жинақталып, жіберілді.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарына 100,1 тонна ұн, 43 тонна ұн-жарма (күріш, қарақұмық, макарон, қант), 9 тонна күнбағыс майы т.б. жеткізілді. Бұдан бөлек 10 күн ішінде «Су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек қайырымдылық керуені» акциясы аясында 18 жүк тасымалдайтын фура, 77 «ГАЗель», 1 тіркеме, 12 Toyota Alphard, 8 эвакуатор зардап шеккен өңірлерге азық-түлік, тұрмыстық заттар, құрал-саймандар, көрпе-төсек, киім-кешек тапсырылды.

Сондай-ақ 2 қайық, 3 дана қайыққа арналған қозғалтқыш, 2 дана жарық генераторы, 1776 резіңке етік, 54098 құрал-сайман табысталды. Мүфтият еріктілері 2492 адамға күнделікті ыстық тамағын әзірлеп, таратуда. Қайырымдылық шараларына ҚМДБ-ның 1113 қызметкері мен волонтерлер атсалысып жатыр.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру