ҚМДБ қызметкерлері студенттерге шеберлік сабағын өткізді (ФОТО)

04 наурыз 2022 2197 0
Оқу режимі

ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгеруші Ағабек Қонарбайұлы мен республикалық «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне шеберлік сабағын өткізді.

Ағабек Қонарбайұлы  «Шешендік өнер: әдебі мен әдісі» тақырыбында қандай ортада, қалай сөйлеу, көпшілік жиындарда асыл сөздің зая кетпесі үшін қандай ерекшеліктерге мән беру қажеттігін жіті түсіндірді. Бұл болашақ исламтанушы, дін қызметкерлері үшін өте маңызды талаптардың бірі екені даусыз.

Серікбол Хасан фейк ақпараттарды анықтау, мәліметтердің нақтылығын тексерудің маңызы мен әдіс-тәсілдеріне тоқталды. Себебі қазіргі уақытта елдің санасын улау мақсатында фейк ақпараттар ағыны әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланып жүргені белгілі. Мұндай жалған ақпараттар қарапайым адамдарды шатастырып, түрлі теріс ойлар мен әрекеттерге итермелеуі әбден мүмкін. Сондықтан кез-келген ақпараттар мен мағлұматтарды таратуға асықпай, жақсылап тексеріп алу керектігін алға тартты.

Басқосу соңында студенттер ҚМДБ мамандарына сұрақ қойып, жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру