ҚМДБ Сараптау комиссиясы Алматыда сынақ жүргізді (ФОТО)

16 ақпан 2022 4704 0
Оқу режимі

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы жаңадан тағайындалатын дін қызметкерлерінің білім деңгейін тексеру сынағын жүргізді.

Бірер күн бұрын Алматы қаласы мен облысы, Талдықорған аймағы, Жамбыл облысына қарасты бірқатар мешіт имамдары мен дін қызметкерлерінің білім деңгейін анықтау мақсатында ҚМДБ сараптау бөлімі жұмысын бастаған болатын. Сараптау комиссиясы құрамында ҚМДБ Төрағасының орынбасарлары Сансызбай Құрбанұлы мен Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, сондай-ақ Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы бар.

Сынақ деңгейі сараптау комиссиясының талабына сәйкес ауызша сұрақ-жауап пен тестілеу әдісі бойынша жүргізілді. Ауызша сұрақ-жауапта қырағат, тәжуид, ислам тарихы, «Жеті рухани қазық» бойынша сауалдар қойылса, тестілеуде дін қызметкерлері ақида, фиқһ, әкімшілік жүйе (Заң) шеңберінде сынақ тапсырды.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша 13 дін қызметкері сынақ тапсырып, білім деңгейі анықталды. 

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру