ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АЛИ ЕРБАШПЕН БІРГЕ ДҰҒА БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

17 ақпан 2023 2212 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербашпен бірге жұма намазына қатысты.

Анкара қаласындағы Ахмет Хамди Ақсеки мешітінде өткен жұма намазынан соң Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы зілзаладан қаза тапқан бауырларға дұға бағыштады. «Түрік халқы үшін Алладан сабыр тілеймін. Қазаның арты жақсылық болсын! Бауырлас екі елдің достығы ұзағынан болғай!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру