ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

20 қазан 2023 1101 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада өткен Мәуліт кешінде Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ұлы даланың барысы – Бейбарыс сұлтан» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, 1-орынға лайықты шығарма болмады. Жүлделі екінші орынға (200 мың теңгеден) Гүлжанат Оразбекқызы (Маңғыстау облысы) мен Фариза Болатқызы (Алматы қаласы) лайық деп танылды. Үшінші орынға (150 мың теңгеден) Нағима Қуанышева (Екібастұз қаласы) мен Ернұр Базарбек (Астана қаласы) ие болды. Сондай-ақ 5 адамға 70 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді. Ынталандыру сыйлығын Мұратбек Қазыбаев (Жаңаөзен қаласы), Гүлфайруз Әжіғалиева (Алматы қаласы), Айсұлтан Тәңірберген (Алматы қаласы), Алпамыс Файзолла (Астана қаласы) және Әміре Ақбатай (Петропавл қаласы) иеленді.

Айта кетейік, жыл басында республикалық «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай республикалық шығармашылық байқау жариялаған болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру