ҚМДБ төрағасы белсенді жас имамның отбасына баспана кілтін табыстады (ФОТО)

23 қыркүйек 2021 3347 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 458-пәтер кілтін белсенді жас имамға табыстады.

Бұл жолғы пәтер Алматы қаласындағы «Фатима» мешітінің наиб имамы Дәулен Саматұлына бұйырды.

Салтанатты жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарма жас діни мамандарға қолдау көрсетіп келеді. Дәулен Саматұлы – белсенді жас имамның бірі. «Жас келсе – іске» деген қанатты сөз бар. Міне, бүгінде жас имамдарымыз облыстық, қалалық, республикалық деңгейдегі ізгі іс-шараларға ұйытқы болуда. Осындай белсенді имамдарға қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік мәселесін шешуге атсалысқан барша жомарт жандарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!» – деді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру