ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

06 қыркүйек 2026 159 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Есет батыр Көкіұлының кесенесін зиярат етті.

Бас мүфти Есет батыр бастаған жаужүрек бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Айта кетсек, батырдың кесенесі Алға ауданы Бестамақ елдімекенінен шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан. Кесене 1992 жылы салынған.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру