ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҒАЛЫМДАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

08 қыркүйек 2026 78 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «Досжан хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-танымдық конференция барысында өңірдегі бірқатар ғалымға алғысын білдірді.

Конференция жұмысынан кейін Бас мүфти Досжан хазіреттің мұрасын зерделеп, оның өнегелі өмірін насихаттап жүрген ғалымдарды арнайы Алғыс хатпен марапаттады. 

«Қазақ даласында Ислам дінінің таралуы мен ұлттық рахуанияттың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама, ағартушы, ел бірлігінің ұйытқысы болған Досжан Қашақұлы (Досжан хазірет) мұрасын зерделеп, оның өнегелі өмірі мен рухани қызметін кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында атқарып жүрген еңбегіңіз үшін Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін» делінген Бас мүфтидің Алғыс хатында. 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру