ҚМДБ төрағасы Конья мүфтиімен кездесті (ФОТО)

03 желтоқсан 2021 463 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін Конья мүфтилігінің басшысы Али Огемен арнайы кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Түркияның діни бағыттағы байланысы, Коньяда білім алып шәкірттер, осы өлкедегі діни оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері қозғалды.

Бас мүфти бастаған ҚМДБ делегациясын жылы қабылдаған Али Имамоглы діни саланы нығайтуға арналған меморандум бойынша жұмыс істеуге даяр екенін жеткізді.

Бүгінде Түркия бойынша Конья мешіттері санынан екінші орында. Қалада жалпы 3300 мешіт бар. Халық саны 2 миллион 500 мыңнан асады.

Айта кетейік, Бас мүфтидің сапары Стамбұл қаласында жалғасады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру