ҚМДБ төрағасы Маңғыстау имамдарымен жүздесті (ФОТО)

10 қазан 2020 4292 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары барысында өңір имамдарының қатысуымен өткен семинарға қатысты.

Бас мүфти имамдарға дін қызметкерінің қазіргі таңдағы имиджіне баса мән беру керектігін ерекше атап өтті.

«Имамдық қызметке күн өткен сайын жауапкершілік те, талап та күшейді. Мешіт имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айнасы. Сондықтан киім кию және сөйлеу этикасына мән беру керек. Жұмыс тәртібіне қатысты айтарым, үнемі әрекет етіп, үгіт-насихат жұмыстарын күшейту керек. Қандай ресурс болса, оқырман санын соншалықты көбейткен жөн. Имам ешқашан өтірік айтпайтын, ешкімді алдамайтын, сенімді адам болуы тиіс», – деді Бас мүфти.

Сонымен бірге, Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарды жамағатпен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуға үндеді. Ал Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов өңірдегі діни ахуал туралы баяндап, пандемия кезіндегі дін қызметкерлерінің атқарған жұмысы мен қайырымдылық шаралары, сондай-ақ, Діни басқарманың 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралардың қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде есеп берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру