ҚМДБ төрағасы Мәшһүр Жүсіп мұражайын аралады (ФОТО)

14 маусым 2020 3647 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған ресми сапары барысында Баянауыл ауданында орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұражайын аралады.

Бас мүфти ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, асыл дінімізді насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп ғұламаның рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Сонымен қатар еліміздің игілігі мен халқымыздың амандығы үшін дұға етті. Зиярат барысында Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан шалып, Жаратқаннан жұртымызды жұқпалы індеттен сақтауды сұрады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру