ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

21 қазан 2022 1558 0
Оқу режимі

Бакуде өтіп жатқан Түркі Мемлекеттері ұйымы Мүфтилер Кеңесінің аясында Бас мүфти Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холиқназаровпен кездесті.

Кездесуде ең алдымен Бакудегі басқосу, тарихи сабақтастық жайы сөз болды. Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде Түркістанда көтерілген тың бастамалар Ережеге еніп, Шушада маңызды күн болды деді.

Ал Нуриддин Холиқназаров өз кезегінде кеңес жұмысын жандандыру мақсатында келер жылы Самарқанда арнайы жиын өткізуге даяр екенін мәлімдеді. Сондай-ақ кездесу барысында екі ел арасында басталған діни туризм жұмысы, ғылыми жобалар жайы талқыланды.

Кездесу соңында Діни басқарма басшылары әріптестік бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, ортақ жобаларды қолдайтынын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру