ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

21 ақпан 2024 467 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Орталық мешітте өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында ауыр дертке шалдыққан жандарға қаржылай көмек көрсетілді.

«Алла Тағала науқас жандарға шипасын бергей. Қайырымдылық акциясына үлес қосқан барша жомарт жандарға мол сауаптан жазғай. Хақ Тағала осы сынақтың соңын жақсылықтар мен қуаныштарға ұластырғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру