ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

10 қазан 2022 1915 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Республика сарайында өткен «Мейірімді Мұхаммед» (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тақырыбында өткен мәуліт мерекесіне қатысып, құнды жәдігермен танысты.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Бас мүфтиге көрме залына қойылған жәдігерлермен таныстарды.

Рухани кешке келген жамағат көрме залына қойылған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тұрған үйінің макетін, оның өмірінен сыр шертетін суреттерді, қолмен жазылған Құран Кәрім түпнұсқаларын, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күнделікті өмірде қолданған ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық заттарды тамашалады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру