ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

25 сәуір 2026 95 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы V республикалық байқауы басталды.

Игі іс шараның ашылу рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала адамзат баласына ең үлкен нығметтердің бірі ретінде Өзінің Кәләмі Құранды түсірді. Қасиетті Құран оқылатын кітап қана емес, ол өмір сүрудің мәнін айқындайтын, адамды тура жолға бастайтын, жүректерді тазартатын, қоғамды ізгілікке жетелейтін мәңгілік бағдар. Құран – мейірімнің, әділдіктің, парасаттың қайнар көзі.

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған қыздар арасындағы Құран жарысы аса сауапты бастама. Себебі, әйел қоғамның тірегі, отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Қыз бала тәрбиелі, иманды, Құранға жақын болып өссе, болашақта тұтас бір ұрпақтың рухани деңгейі жоғары болары сөзсіз»,- деді.

Айта кетейік, байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30, 20, 10 парасын және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды. Байқауға 69 үміткер қатысуда.



















 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру