ҚМДБ төрағасы Сыр өңірінің диқандарымен жүздесті (ФОТО)

19 қараша 2020 4302 0
Оқу режимі

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сыр өңірінің бір топ диқанымен кездесті. ҚМДБ Төрағасы жүздесуде еңбек адамына құрмет жайлы дінімізде терең мән берілгенін атап өтті.

«Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қара жұмыстан қолы күстеніп немесе шаршап-шалдығып келіп ұйқыға бас қойған адам кешірімге ие болып, күнәларынан арылады» деген. Хадистерде ешкімге қол еңбегінен артық ризық бұйырылмағаны айтылады. Мұсылман адам жұмысының беделі жоғары не төмендігіне, жеңіл не ауырлығына, табысының аз не көбіне емес, бірінші кезекте адалдығына мән беруі керек. Біреуге жалданып, тау қопарып, тас уататын ауыр жұмыстарға жегілсе де, арқалап отын тасып, аула сыпырса да, ең бірінші кезекте нанын адал тауып жеуге ықылас танытуы тиіс. Өйткені ең бастысы адалға ниетті болғандықтан, қандай төменгі жұмысты істесе де, Алла Тағала оның еңбегін жоғары бағалары анық. Бүгін өздеріңіздей еңбек адамын көріп, қуанып отырмын. Адал ризықпен отбасын асырап, берекеге кенеліп жүрсіздер. Сіздер еккен күріш, осы жерден шыққан әрбір қап ақмаржан әр қазақтың шаңырағына жетсін», – дей келе мекеменің еңбек ұжымына ыстық ықыласын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру