ҚМДБ ұжымы донор болды (ФОТО)

11 қаңтар 2022 3771 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы игі іске бастамашы болып, қан тапсырды.

Елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өткен қайырымдылық шарасына Діни басқарманың 20-дан аса қызметкері қатысты. Дәрігерлердің тексерісінен өткен соң дін қызметкерлері қан тапсырып, сауапты іске ұйытқы болды.

«Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінде «Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең» деп, бір адамды өлімнен құтқару – бүкіл адамзатты құтқарумен бірдей екенін жеткізген. Қазіргі таңда елімізде мыңдаған адам қанға мұқтаж. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарып, Діни басқарма ұжымы бүгін қан тапсырды. Бұл – сауапты амал. Алла сауаптан жазсын!» – деді Бас мүфти.

Пікірлер Кіру