ҚМДБ «Зекет» қоры 50 отбасыға көмек берді (ФОТО)

07 тамыз 2019 4522 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қоры 50 отбасыға жарты миллион тенгеге көмек көрсетті. Әр отбасыға сый ретінде керекті азық-түлік таралыттды. Іс-шараға «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров және қор қызметкерлері қатысты.

Акция аясында Алматы қаласының аз қамтылған, мұқтаж, көп балалы отбасыларға және қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетілді. Қор директоры Талғат Омаров қайырымдылықтың Ислам дініндегі маңыздылығын айта өтіп, бұндай шаралардың алдағы уақытта жалғасатынын баяндады.

Айта кету керек, 2019 жылының бірінші жарты жылдығында еліміз бойынша «Зекет» қоры тарпынан 30 000 астам отбасыға көмек көрсетілген.

Қор қызметкерлері бұл санның, Алланың көмегімен, өсуіне үміттенеді. 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру