ҚМДБ: «Жастар ісі секторы» 5 айда 1291 қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО)

17 қыркүйек 2020 4232 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі секторы» елімізде пандемия басталғаннан бері барлық жұмыстарды онлайн форматқа ауыстырып, соңғы 5 ай аралығында біршама шаралар атқарды.

Атап айтар болсақ, республика бойынша 1433 онлайн-уағыз-насихат шаралары, 1352 онлайн-дәрістер және 6500-ге жуық еріктілердің қатысуымен 1291 қайырымдылық шарасы өткізілді.

Жастарға айтылған насихат «Бос уақытты ұтымды пайдалану», «Нәпіл намаздардың маңыздылығы», «Кітап оқудың пайдалары», «Тәртіпке бағынған құл болмайды», «Жастардың исламдағы орны», «Отбасы құндылықтары», «Ар-ұят – имандылықтың белгісі», «Бірінші байлық – денсаулық» және т.б тақырыптарды қамтыды.

Сонымен қатар «Тәджуид қағидалары», «Ақида және фиқһ дәрістері», «Құран және хадис тәпсірлері», «Дін мен дәстүр 2» және т.б. кітаптардан дәрістер жүргізілді. Одан бөлек,  елге танымал тұлғалармен 23 видео-сұхбат түсіріліп, әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ұсынылды.

Қайырымдылық шараларында да жастардың белсенділігі айқын көрінді.  Мәселен, «САУЛЫҚ» жобасы аясында дертке шалдыққан жандарға, кембағал-мүгедектерге зиярат жасалып, олар азық-түлікпен, маскамен, антисептикпен қамтамасыз етілді. Көшеде бетпердесіз жүрген адамдарға бір реттік бетперделер тегін таратылды. Сонымен бірге еріктілерді жұмылдыра отырып, мұқтаж жандардың дәрі-дәрмектеріне азын-аулақ қаражат беріліп, жұмыссыз қалған отбасыларға азық-түлігіне қаражат аударылды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру