Жастар ісі секторының 2020 жылғы жұмыс жоспары талқыланды (ФОТО)

13 ақпан 2020 5053 0
Оқу режимі

Бүгін Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Рухани Жастар» қанатының жиналысы өтті.

Басқосу барысында алдағы уақытта атқарылар іс-шаралардың жай-жапсары талқыланып, жұмыс жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, әр мешіттен жиналған Жастар ісіне жауапты өкілдер өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өзара ортақ шешімге келді.

Сөз соңында «Рухани Жастар» қанатының жетекшісі Махамбет Искандеров «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазиннің жылы лебізін жеткізе отырып, қала имамдарының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Пікірлер Кіру