ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасымен кездесті

27 қазан 2026 59 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Нұрболат Серікұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Телманұлымен кездесті. 

Жүздесуде жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуын арттыру бағытында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ ҚМДБ Жастар ісі секторының алдағы жұмыс жоспарлары таныстырылып, ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Қайрат Қамбаровқа «Muftiyat» баспасынан жуырда жарық көрген «Ислам және адал қоғам» және «Бабалар ізімен» кітаптары сыйға тартылды.

​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру