ҚМДБ журналистерінің медиа форумы өтеді

20 маусым 2022 2238 0
Оқу режимі

2022 жылдың 21 маусымында елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Ізгілік жаршысы» ҚМДБ журналистерінің республикалық медиа форумы өтеді.

Әлеуметтік желіні қолдану әдебі, шынайы ақпаратты анықтау тәсілдері, жалған діни ұрандардан сақтану сынды тақырыптарды қамтитын медиа форумға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Айқын» газетінің Бас редакторы Амангелді Құрметұлы, «Túrkistan» газетінің Бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай және танымал диктор Зейін Әліпбек, сонымен қатар ҚМДБ-ның аймақтардағы баспасөз өкілдері қатысады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру