ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА «МЕДРЕСЕ – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АЛТЫН ҰЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

23 қыркүйек 2023 1063 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы облысы Қонаев қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Медресе – қазақ ғалымдарының алтын ұясы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциясы басталды.

Ғылыми-танымдық конференциясы отырысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, Ғұламалар кеңесінің мүшелері мен ғалымдар, облыс имамдары мен медресе шәкірттері қатысуда.

Алқалы жиында арнайы қонақтар қазақ жеріндегі алғашқы медреселер мен олардың тарихи рөлі, сонда оқыған ұлт зиялылары мен дін қайраткерлері сондай-ақ қазіргі заманауи медреселердің орны тақырыбында баяндама жасайды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру