Қордай ауданында имамдарға арналған оқу курстары өз жұмысын бастады (ФОТО)

06 қараша 2020 3122 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданына сапары барысында имамдарға арналған оқу курстарына арнайы қатысты.

Қазіргі уақытта Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйімен» Қордайдағы Қарилар орталығында қазақ тілін оқытатын тіл курстары жұмыс істейді. Айта кетейік Бас мүфти ақпан айындағы ауданға сапары кезінде осы істі баса тапсырған болатын. Қазіргі таңда аудандағы өзге ұлт өкілдерінен құралған имамдарға білікті ұстаздар сабақ беруде.

Курсқа қатысушылардың жалпы саны – 56 адам. Аталған орталықтарда тіл курстарынан бөлек елдегі татулық пен бірлікті нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, Діни алауыздықты болдыртпау және жат ағыммен күрес сондай-ақ ҚМДБ-ның «Жеті рухани қазық» құжатын насихаттау жұмыстары қатар жүруде.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру