ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23 мамыр 2024 609 0
Оқу режимі

Ливия елінің Бенғази қаласында Құран Кәрім байқауларын өткізудің халықаралық тәжірибесін талқылау жиыны өтті. Оған ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет қатысты.

Құран Кәрімді жатқа оқудан XII Халықаралық байқау аясында ұйымдастырылған шараға әлемнің әр елінен келген қарилар, Құран байқауларын ұйымдастыруға жауапты мамандар қатысты. Қазақстан атынан сөз сөйлеген Серік Полатханұлы жиын қатысушыларына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, елімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан республикалық байқауы, сондай-ақ 2023 жылы Астанада тұңғыш рет өткен халықаралық Құран жарысы жөнінде мағлұмат берді.

Айта кетейік, Ливия мемлекетінде 62 елден 102 қари бақ сынаған XII Халықаралық байқауға еліміздің атынан Абдулғани Мирболатұлы қатысқан болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру