Құран хатым түсіріп жатқан қарилар сәресіде бас қосты (ФОТО)

31 мамыр 2019 9571 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айы бойы Елорда мешіттерінде тарауих намаздарын өткізіп келе жатқан қарилар кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосып, сәресі дастарханының құрметті қонағы болды. Нұр-Сұлтан қаласындағы 10 құлшылық ордасының жамағатын қасиетті ай бойы Құран үніне ұйытып, хатым түсіріп жатқан қариларға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрмет көрсетіп, берекеге толы сәресі уақытын бірге өткізді.

Қаладағы құлшылық ордаларының бас имамдары мен қызметкерлері де берекелі дастарханнан дәм татып, уағыз-насихатқа толы тағылымды уақыт өткізді. Дастархан басында наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қарилардың қал-жағдайымен танысып, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жүздесу соңында Елорда мешіттерінде тарауих намаздарын жүргізіп келе жатқан қариларға Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі атынан қошамет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру