ҚЫРҒЫЗСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ХАЛАЛ» БӨЛІМІ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
Бүгін Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» бөлімінің мамандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келді.
Іссапар аясында делегация мүшелері ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлымен кездесті.
Жүздесу барысында ҚМДБ төрағасының орынбасары делегация мүшелеріне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Өз кезегінде Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» бөлімінің жетекшісі Мақсат Атабаев та Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфтиінің ізгі тілегі мен сәлемдемесін жеткізді.
Кездесу соңында қонақтарға құрмет көрсетіліп, өзара сыйластық пен бауырластық қарым-қатынас айқын көрініс тапты.









Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі