Қырғызстандық шұжық цехы сертификатталды

21 сәуір 2022 2507 0
Оқу режимі

Көршілес Қырғызстан Республикасында орналасқан «Аброй Групп» кәсіпорнының «Аброй» сауда белгісімен шығарылатын шұжықтары «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан табыстады.

«Аброй Групп» – өндірісте инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы жоғары сапалы шұжық өнімдерін дайындайтын кәсіпорын. Шұжық цехы шет елдік сапалы техникалық қондырғылармен жабдықталған. Технолог мамандардың Қырғызстанға сапары барысында «Аброй Групп» шұжық цехының өндіріс аумағына бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, бірқатар тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізілді. Аудит шараларының оң нәтижесінен кейін, «Аброй Групп» шұжық цехы «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды», – деп хабарлайды жергілікті өкіл Маратхан Мұхтарханұлы.

«Аброй» шұжық өнімдеріне берілген сертификат 14.04.2022-13.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру