Қыркүйекте 4826 сұраққа жауап берілді

03 қазан 2020 4209 0
Оқу режимі

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық сall-орталығы қыркүйек айында халықтан түскен жалпы 4826 діни сұраққа жауап берді.

Атап айтқанда, жеке кездесу арқылы 797 сұраққа, қоңырау шалу арқылы 2193 сұраққа, әлеуметтік желілер арқылы 1836 сұраққа жауап берілді. Сонымен қатар, тікелей эфир арқылы ғибадат, отбасы құқығы және муамалат (қарым-қатынастар) мәселелері бойынша онлайн сабақтар мен сұрақ-жауап дәрістері жүргізілді.

«Мұнара» газеті мен muftyat.kz сайтында «Құндыз тон киюге рұқсат па?», «Біреуге қарғыс айту дұрыс па?», «Тәңіршілдердің өлігі мұсылман зиратына қойылмайды» секілді өзекті тақырыпта мақалалар жарияланды. Отбасы құқықына қатысты 20 мәселе қаралып, оның 19-ына тиісті шешім шығарылды.

Еске сала кетейік, кез келген діни мәселені ҚМДБ Шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ Діни ақпарат орталығының (call-center) 8(7172)33-30-30 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы сұрап біле аласыздар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру