«Раиса ана» мешіті шығармашылық байқау жариялайды

21 қаңтар 2020 6522 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешіті хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының құрметіне орай «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» атты шығармалар байқауын жариялайды.

Байқауға қатысатын мақала abai.jaris2020@mail.ru поштасына 20 ақпанға дейін жолдануы тиіс. Шығарма қазақ тілінде, Times New Roman шрифтімен жазылуы шарт. Көлемі 3-5 беттен аспауы қажет. Сондай-ақ мақала авторының аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны қоса жіберілуі керек. Қосымша мәліметтерді +77757207510 телефоны арқылы білуге болады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру