«РАХЫМҚЫЗЫ РАИСА» АНА МЕШІТІНДЕ «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ» ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

03 наурыз 2024 470 0
Оқу режимі

Әйел-қыздар секторы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде әйел жамағатына арналған танымдық семинар өтті.

Шараға ҚМДБ Әйел-қыздар сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Астана қаласы Әйел-қыздар секторы жетекшісі Эльмира Бұхарбаева және ақ жаулықты аналарымыз бен мешіттің әйелдер жамағаты қатысты.

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында жүзеге асқан басқосу жиыны «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбын арқау етті.

Аталмыш игі бастамаға мешіт іргесіндегі «Әжелер мектебі» де ұйытқы болып отыр. Оның негізгі мақсаты жастарға дәстүр құндылықтарын түсіндіру, өскелең буынның танымдық қабілеттерін дамыту, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болуға шақыру.

Шара барысында әжелер «Қырқынан шығару», «Бесікке салу», «Тұсаукесер» сынды әдет-ғұрыптарымызбен таныстырды.

Возможно, это изображение 7 человек и текст

Возможно, это изображение 7 человек и хна

Возможно, это изображение 3 человека и текст

Возможно, это изображение 4 человека, платок и текст

Возможно, это изображение 4 человека и текст

Пікірлер Кіру